Кәріліктің мұңы, тыңдаушының жыры

 

Ассалау-мағалейкум, қариямыз,

Өмірден мысал терген дариямыз.

Жаз өтіп, күзге қарай келген болсақ,

Көктесін арттағы ұрпақ жанұяңыз.

 

Мұңы ғой кріліктің тұманды күн,

Куат кетсе болады тілде қалып,

Бар қайраты керінің жоқ, аларың көп.

Таңдасаң құлақ осы шының.

 

Кәрілік ақырын-ақырын келіп қондың,

Бастауы тірелетін қара жолдың.

Кәрілік берерің жоқ, аларың көп,

Бұл күнде берік жолдасым қонақ болдың.

 

Мұңы бар сарыуайым – кәріліктің,

Ойлашы парасаттап сабырлықшын.

Айтады қартайғанды алжыды деп,

Кәріге тағылатын о дағы сын.

 

Халқымыз қартын сыйлар қазына деп,

Демеулі сөз айтады жасыма деп.

Үлгілі өмірінен сөз қалдырса,

Ескерткіш айтқан сөзі атына деп.

 

Сөзі қалған бұрыңғы өткен бабалардың,

Біз де тудық сол баба-аналардан.

Кейінгі ұрпақтарым оқып жүрсін,

Сөзі деп алдағы өткен даналардың.

 

Кәрілік, келесің-ау, бай-патша, қараға да

Жалғыз жарым болса да, сараға да.

Ойласам сен кәрілік ғаділсің-ау,

Бұрылып қарамайсың-ау параға да.

 

Адамға ақырын-ақырын дақ саласың,

Әжім беріп бетінен нұрды аласың.

Көз көмескі болғанда құлақ мүкіс,

Ауыздан селдіретіп тісті аласың.

 

Дақ салдың белімізбен аяққа да,

Сүйініп жүру болды таяққа да.

Кәрілік мен кетемін сен қаласың,

Үнім мен кірбең кірді қабаққа да.

 

Кәрілік бұл тағдырға елші дейді,

Құшақта жарыңызбен селдірейді .

Жастықтың буы кетіп уы қалып,

Кәрілік енді маған көнші дейді.

 

Кәрілік бар мүшеге дақ саласың,

Төрден орын беретін жақсы атағың.

Ауруыңмен сырқауды қоса беріп,

Келместің кемесіне жол саласың.

 

Керілік куатты алып жәбірлейді,

Жас буын төрге шық деп қадірлейді.

Қасыңда құдай қосқан жарың болса,

Алланың сізге берген қадірі дейді.

 

Жары өткен бұл өмірден даралары,

Ұрпақ қой арқа сүйер паналары.

Жардың орны бір басқа деп айтады,

Жүректе білініп тұр жаралары.

 

Кәрілік фәни бақи өмірден даралары,

Пенденің қолдан келер жоқ дауасы.

Пайғамбар, патшалар мен бектер де өткен,

Артына сөз қалдырған ғұламасы.

 

Қош, сау бол, бал-дәуренді қайран жастық,

Еріксіз кәрілікке қадам бастық.

Мейман боп қысқа өмірдің дәмін татып,

Қара жер енді бізге болар жастық.

 

Тумасақ бұл кәрілік болмас еді,

Жағалап бізге келіп қонбас еді.

Біраз жыл сенімен де жолдас болдық,

Дәм бітсе риза болып қоштас енді.

 

Бастауы жас өмірдің көктем екен,

Мінез-құлық, талпыныс өктем екен.

Кәрілік келіп сабаңа түсіреді,

Бұл өмірде екі жол тепе-тең.

 

Мұңы мен кәріліктің шыңын жаздым.

Әлеумет ниет қойып оқыңызшы,

Мен дағы өз ойымның түбін қаздым.

 

Жастық шіркін жұмақ қой ашық аспан,

Балдәурен махаббаттың бетін ашқан.

Өмірдің сәнін беріп, гүл шашады,

Адам ата, Хауа ана деп жарын қосқан.

 

Жастық-ау ағын судай кәусар көлім,

Ойласам басылмайды менің шөлім.

Жамағат өміріңді сүзіп өтші,

Ой салған көкірегіне сөзім тегін.

 

Кәрілік деген мұңар тау,

Басына шықсаң құлайсың.

Мәңгілік жолдан аттансаң,

Артында болсын жылайтын.

 

Қара жердің қойнына,

Бір жатқан соң тұрмайсың.

Әнкүр-мәнкүр періште,

Сізден сауал сұрайтын.

 

Сауалға дауа жидың ба,

Періштелер сізден сұрайтын.

Нәпсіден бойды тыйдың ба,

Сауап қып оны құрайтын.

 

Өмірді сен, туысың сені қимайтын,

Бәрі де қалар ат қойып сені сыйлайтын.

Қорқытпа деп Алла алдынан,

Алладан медет тілеп сұрайтын.

21.05.2006 ж.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *