Кәріліктің мұңы


Адамға келер кәрілік,
Күтпейсің оны сарылып.
Қосағың болса жанында,
Кетпейсің одан жарылып.

Қосағы кетсе жалғызға,
Дүние қалар тарылып.
Өткенді ойлап армандап,
Отырады сарылып.

Терең ойға малынып,
Бір Тәңірге жалынып,
Бір күнгідей болмайды,
Қосағың кетсе жарылып.

Аман болса қосағың,
От жағатын ошағың.
Тірлігін де көрмейсің,
Дүниенің тозағын.

Ақылы болса кәріде,
Бірдей болмас бәріде.
Не көрсең де ризалық,
Наразы болма Тәңірге.

Қатардан сені қалдырар,
Жас жеткен кәрі деп.
Көңіліне алып мойыма,
Заманым өтті әрі деп.

Ақылды болса кәрілер,
Сөз қалдырар мұрагер.
Нәпсімен кеткен кәрілер,
Жем-сауытты тамақ жер.

Осылай өтер заман деп,
Бәрін де көрер адам деп.
Не көрсең де Алладан,
Кім айтады жаман деп.

Кәріліктің белгісі,
Байсалды мінез сабырда.
Жоламайды табырға,
Байыптап білу ақылды.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *