Кәрілікке

 

Дауасыз дерт кәрілік,

Алладан келген жарлық.

Қуат кетіп ой қалып.

Өрісің қалар тарылып.

 

Мінезің қалар жуасып,

Көңілің солар жыласып.

Алды артына қарайды,

Алладан жәрдем сұрасып.

 

Ажары кетіп ажырап,

Қуарған күзгі даладай.

Денесі солып кеміген,

Еңселі жігіт баладай.

 

Көз көмескі көреді,

Құлақ мүкіс естиді.

Бұған да тәубә келтірер,

Ең керегі теріс дейді.

 

Он екі мүше бәрі де,

Ақырын, ақырын кемиді.

Жас қатын алса есер болып,

Ол да сенен жериді.

 

Қартайсаң болсын сенерің,

Бір- біріңе сенімің.

Бала мен келін, қыз болса,

Болмайды онда кемдігің.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *