Келіндер туралы саяхат

 

Келіндер өріс алып жайылады,
Күйеуін ызбарымен қайырады.
Бір әке,бір шешеден туса дағы,
Туысты бір-бірінен айырады.

Міндет қып көлеңкесін бұлданады,
Өзімен-өзі жүріп тұлданады.
Кәрі мен жас арасы екі дәуір,
Сыртта отырып өзгеден мін табады.

Көрсеткен бұны бізге заман екен,
Өз балаңнан айырған жаман екен.
Жастықта бұның бәрі білінбейді-ау,
Қысастық қияметке барар ма екен.

Сөйлейтін ғаділдікті ойым болды-ау.
Өз қызымда біреуге келін болды-ау.
Ата мен енесіне қарсы қойсам,
Тартатын қияметте сорым болды-ау.
Ешқашан ғайбат сөзге барғаным жоқ,
Біреудің шырқын бұзып,
Бір сабағын алғаным жоқ.
Ойымда кімге болса сыйластық бар,

Ешкімге ере бармас дүние боқ.
Қызыңды ата-енеге қарсы қойма,
Бұрынғы ата дәстүр жолын жойма.
Атаңа не істесең сол келеді деп,

Айтылған шариғаттың сөзін ойла.
Көргенсіз көргенсізден үлгі алады,
Ақылсыз ақылдыға мін табады.
Бірліктің ынтымақтың құнын жойып,

Көңіліңде мұны көрсең кір қалады.
Не жетсін ақылменен парасатқа,
Сабырлы жақсы мінез адамзатқа.
Қазір қыз болып жүрсе де — ертең келін,
Болашақ аналықтың арын сақта.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *