Шуағымен шомылдырған адамды,
Бейбітшілік ашық аспан заманды.
Тірліктегі жұмақ десең болмайма,
Қазір біздің осы тұрған заманды.
Бір Тәңірім жаратты ғой он сегіз мың ғаламды,
Сол ғаламға ие қылды-ау адамды.
Қанағатсыз, қайырымсыз кейбірі,
Сол адамщар бүлдіреді-ау заманды.
Адал еңбек кәсібі бар заманды,
Сол еңбегін қанағат еткен адамды.
Бұл заманда сопы десең болмай ма,
Адал еңбек теріп жеген адамды.
Оқуы бар, білім шашқан бұлағы,
Көкірек нұры көзіңді ашқан шырағы.
Адал жанға жәннат десең болмай ма,
Ерік берген талпынысқа шуағы.
Ғаділдікпен ел басқарған адамды,
Дамытады-ау білімменен заманды.
Пайғамбарға теңесеңіз болмайма,
Ғаділдіктің нұрын шашқан адамды.
Дүниенің төртбұрышы тең болмас,
Бәрін бірдей жайпайтұғын сең болмас.
Харамдықтың жолын куған жауызға,
Бұл дүниеден өтпей оған ем қонбас.
Біреу бай, біреу кедей табиғатта,
Мысалдап айтқан соз бар шариғатта.
Адамның бас-аяғы бірдей болмас,
Кеудеңе адалдықпен арды сақга.
Шариғат мағрипатпен бірдей болсын,
Білім мен ғылымда да көңілін толсын.
Ғибадат о дүниелік имандылық,
Кеудеңе ақиқаттың нұры толсын.
Секен шешен