Әз Жәнібек : «Балам, біз қай үйге қонамыз?»-дейді жас Жиреншеге. – Бір қой жеймін десеңіз, қай үйге болса да қона беруге болады. Екі қой жеймін десеңіз, біздің үйге қоныңыздар-депті шешен. Ханның қасындағы жолдастары: -Мынау бір жомарт бала екен, осының үйіне қонайық- дейді. Жас Жиренше бір буаз саулықты жетектеп әкеле бергенде: -Шырағым, бойдақ қой жоқ па еді?-дейді сасып қалған хан. –Мен бойдақ қойдың жоғын мана далада айтпап па едім?-дейді шешен. Екі қой жесеңіздер біздің үйге қон дегенім сол еді депті Жиренше.