Жапалақ бидің сөзі

 

 

Жапалақ би жер сұраймын деп Ұлы жүз хандығына барады. Сонда мәжілісте отырған Жапалақтан хан: Елің қандай малды көп ұстайды?-деп сұрайды. Жапалақ жылқыны көп ұстайтынын айтады. Сонда хан: -Ә-ә!- деп ақырып қалады. Содан кейін тағы бір сөз арасында еліңде ұры бар ма дейді. Жапалақ айтады ел ұрысыз бола ма, тау бөрісіз бола ма, ұры бар дейді. Хан тағы да ақырып қалады. Содан тағы сөз арасында еліңде бай мен кедей құда бола ма, әлде баймен бай, кедеймен кедей ме дейді. Жапалақ баймен бай, кедеймен кедей құда болатынын айтады.Хан тағы ақырып қалады. Содан ас ішіліп, жатарда Жапалақ әлгі үш ақырғанның не екенін түсінбей, ханның өзінен сұрайды. Сонда хан айтады, елің жалқы малын көп ұстайтыны, қара қазан қамын ойламайды екен. Қатын, бала қамын ойласа, қара малды көп ұстау керек. Жылқы айдаса жаудікі, ысқырса желдікі депті. Екінші, еліңде ұры ұстайды екен, ол түбінде бірігіп, күшке айналады депті. Баймен бай, кедеймен кедей құда болады дедің, ол адам қадірін танымағандық, көз алдын ғана ойлағаны. Кедейдің ішінде де ақсүйегі бар емес пе депті. Содан ертеңінде Жапалаққа айтады, аға баласы деп келдің ғой, енші ал деп бір жас жылқыны беріпті, ол бізге жер бер деп алмапты.  Сонда хан ұнатқан жеріңді ала бер дейді. Көңілімде бір сөз бар еді, соны айтайтын депті. Түбінде бұл жер қазаққа жер болмайды, түбінде оны орыс билейді депті. Содан Жапалақ тағы бір қайтып келермін деп кетіп қалыпты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *