Көзі бар көкірегінде ғұламадан,
Қайғысыз пенде бар ма жыламаған.
Солардың мың зарына ортақ болып,
Кейінгі ұрпақтарға із қалдырған.
Біреудің қайғы зарын жазған адам,
Өткенді өкіндірген заманадан.
Жете алмай арманына зарлап кеткен,
Қыршын жас құрбан болды-ау талай адам.
Көп сауап мұңын айту қыршындардың,
Бақытсыз құрбан болған шыбын жанның.
Қараңғы қапастағы жауыздықтың,
Үкімі солай болған замананың.
Секен шешен