Етекбайдың сөзі

 

Тұрлыбек бір үлкен жиыннан келе жатып, Етекбай ауылының сыртына тоқтап, ат-тұрманын оңдап, бөгеледі. Оны сырттай танып, Етекбай қой жайып жүрген жерінен келеді. Тұрлыбек Етекбайды танымайды екен. Амандасып болған соң Етекбай Тұрлыбектен сөз сұрайды. Болған жағыңның әңгімесін айт дейді. Тұрлыбек Етекбайды білмегендіктен, кетуге ыңғайланады. Сонда Етекбай:

Әңгімеңді қойды баққан тондыға айт

Елден шыққан оңдыға айт.

Егер маған айтпасаң, еліңе барған соң

Бесті ұрлаған сорлыға айт- деген екен.

Мына адамның Етекбай екенін сонда бірақ біліп, Тұрлыбек ол үйге түспей, кетіп қалыпты.

                     Бәйке қарттан жазып алған Секен.   29.01.1967 ж.   

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *