Дау болып, сөз бермесең шешендігің,
Жұт болып мал бермесең көсемдігің.
Өзіңді халқың сүйіп, ат қоймаса,
Бұл сөзің былшылдаған есерлігің.
Әкесі жақсы адам еді жамбас жеген
Жақсыдан жаман туса оңбас деген.
Шешесінен бір пәле болған шығар
Ит боғынан қылшық шықпай қоймас деген.