Елінен сіз Абайдың халыққа үлгі тартатын

 

Әркімнің бағаласаң парасатын,

Пенде көп құрғақ сөзбен таласатын.

Қиыннан қиыстырып істеген іс,

Шындық қасиеті жанасатын.

Сөзіне ісі сай боп көрінетін,

Көңілің ондай жанға бөлінетін.

Мен өзім ондайларды бағалаймын,

Ізіне шынар ағаш егілетін.

Дүниеде болады ғой абзал жандар,

Ақыл мен парасаты биік заңғар.

Қуантайды солай деп бағалар ем,

Сараптап айта жатар білген жандар.

Өткен өмірге саяхат деп кітап жазған,

Оқысаң өмір жолы ол бір дастан.

Әулетін ата тектен суреттепті,

Өмірдің тауқыметін бала жастан.

Адамға өткен өмірі бәрі сабақ,

Өмірдің қилы бұраң жолы тарап.

Адамға өткен өмір бәрі сабақ,

Өмірдің қилы бұраң жолы тарап.

Өмірден өтсе дағы ізі қалар,

Ұрпаққа қасиетті ұлгі тарап.

Тарихта адамдардың өткен жолы,

Дәуірден сақталатын сөздің қоры.

Әркімнің өмір жолы бір-бір дастан,

Ериді жаза білсең іштің тоңы.

Ақсуда жиырма бес жыл тұрдым дейсің,

Сыйласып сауық-сайран құрдым дейсің.

Алматыдан келгенде балаларыңа,

Бізді де туған елдей жұртым дейсің.

Қадірін азаматтардың білген жақсы,

Сыйласып бұл өмірде жүрген жақсы.

Ақылға парасаты сай адамдар,

Әркімнің ой-өрісін білген жақсы.

Кітабың бізде де бар тарту еткен,

Шежірелеп жазғандарың ата тектен.

Жақсының өзі өлсе де аты өлмейді,

Бұл мақал айтылады арғы тектен.

Әркімнің өз білімі болады ғой,

Не байлық, не ақыл ой қонады ғой.

Өмірді өкінішті деп білген жандар,

Алды –артын парасаттап шолады ғой.

Жақсының аты шығар қиядағы,

Талпынған балапандай ұядағы.

Жақсылар өтседағы сөзі қалған,

Артында алтын қазық тиянағы.

Ақсуға Алматыдан келген жолың,

Мешітке шақырдыңыз діни орын.

Құрметтеп мейман сыйлап дәм бергіздің,

Оларға көңіл айттың ұстап қолын.

Бұл дұға өткендерге батам дедің,

Жер шалғай ұзақ жерде жатам дедің.

Кезінде ешқайсына келе алмадым,

Ол үшін болмас менің қатем дедің.

Еске алу өткендері жұғам меннен,

Көңілің махшарлыққа бұрады екен.

Достықты өмірдегі ұмытпасаң,

Алдыңнан о дүниеге шығады екен.

Моллаға құран кәрім бақшылаттың,

Аттарын хаттап бердің азаматтың.

Сауабы тисін дедік аруақтарға,

Көңілдер дауаласын жамағаттың.

Мейманбыс бұл дүниеге келіп кетер,

Өлшеулі дәм біткенде өмір өтер.

Жақсының өзі өтсе де сөзі қалар,

Кейінгі ұрпақтары құрмет етер.

Мен дағы ықыласымды хатқа жаздым,

Қуантай ел ағасы атқа жаздым.

Әркімнің шығар тауы биік болсын,

Әрине оқысын деп жатқа жаздым.

Дәміңе риза болдық баталы сөз,

Білгенше теріп жаздық аталы сөз.

Қуантай құмыр жасың ұзақ болсын,

Хаттаған қалам алып біз ескі сөз.

Біз дағы сол дұғаның мейманымыз,

Құнды сөз құнарлы ойдан жиғанымыз.

Сыйға-сый сыраға бал деген сөз бар,

Қуантай осы сөзге иланыңыз.

Меймандар рахметін айтып жатыр,

Сауап деп үйді-үйіне қайтып жатыр.

Дұғамен аруақтарды бір аунаттың,

Алғысты сізге арнап айтып жатыр.

Сауаптың шуағына бөленіңіз,

Алладан қабыл болсын дегеніңіз.

Біз дағы ризалықпен сізді сыйлап,

Ықыласты хатқа жазу дегеніміз.

Тоқсанға рахатпен келсін жасың,

Бойыңа балдай батсын ішкен асың.

Ұл-қыздың құрметіне бөлене бер,

Татарсын Алла жазса жүздің асын.

Тілеймін бақытты өмір отбасына,

Ынтымақ бірліктерің тозбасында.

Тілегі меймандардың қабыл болсын,

Ұрпағың болсын сіздің көш басында.

Дұғаның мәжілісі аяқталып,

Жалғасы әзіл сөзбен сабақталып.

Құрбылар әзіл сөзбен қағысады,

Шырағын жас өмірдің жараққа алып.

Күлнәзия жеңгеміз сөзін бастап,

Қуантайға үйлен деп әзіл тастап.

Ақсудан бір жақсы жар табам деді,

Әркімдер мәз боп қалды-ау сөзін қоштап.

Әзіл сөз күлдіреді араласып,

Жастары шамаластар көңіл ашып.

Көтеріп көңілдерін жаңғыртады,

Кәрілікке жеңгірмейді көңіл тасып.

Әзіл сөз орынды айтса күлген жақсы,

Сыйласып ағайындар жүрген жақсы.

Кеудесі жақсылардың алтын сандық,

Қадірін жақсылардың алтын сандық.

Қуантай жеңгемізге былай деді,

Көтерсін көңіліңді құдай деді.

Ертерек осы сөзді айтпадыңыз,

Барында жас өмірден шырай деді.

Мен алсам Алматыда арулар көп,

Әзілі құрбылардан көңілге тоқ.

Ұл-қыздың саясында жүргенімде,

Жар таңдау енді бізге қажеті жоқ.

Жаңғыртып жастық шақты еске алдыңыз,

Ойыма махаббаттан сөз салдыңыз.

Жаз өтіп күзге қарай келген шақта,

Жеңеше-ау махаббаттан кеш қалдыңыз.

Миуалы қарттарымның сөзі қандай,

Жарасқан әзіл қаржың өзі қандай.

Мәнерің келістіріп айтар еді-ау,

Табылса ел ішінде бір тез жандай.

Ойыға оралады жастық кездер,

Дауасыз деп кәрілікке мойымаңдар.

Бал дәурен жастық шағын оны да ескер.

Мәжіліс осыменен тәмам болсын,

Әзіл қалжын үлгілі заман болсын.

Әр заман өзі әкелер биігі бар,

Шежірелі қарттардай адам болсын.

Секен шешен

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *