Дәм ішсек бата беру көңілдегі,
Ежелден мирас болған өмірдегі.
Жақсы сөз жарым ырыс деген дейді,
Адамды бір марқайтар сенімдегі.
Мейманы құрғақ сөзбен бай қылады,
Дүниенің төрт бұрышын сай қылады.
Баталы күлеш қашан арымас деп,
Үй иесінің көңілін жай қылады.
Бата бар ішкен дәмнің бағасына,
Үлкеннен үлгілі сөз аласың да.
Қоса ағар қосағыңмен деген сөзге,
Мейманға риза болып қаласың да.
Секен шешен