Дәмге бата

Сыйласқан ағайынның бары жақсы,

Кең болған дастарханда дәмі жақсы.

Атағын ер жігіннің шығарады,

Кең пейіл құдай қосқан жары жақсы.

 

Жақсы жар ақ орданың түндігі ғой,

Өсірген ұл мен қызды кіндігі ғой.

Ақыл мен парасаты сай адамдар,

Сыйластық ынтымақтың бірлігі ғой.

 

Риыздығың ортаймасын шараңыздан,

Құрмет көр ұлменен қыз балаңыздан.

Келініңіз инабатты ізгі болсын,

Сыйластық үзілмесін араңыздан.

 

Мейманың қырықтың бірі Қыдыр болсын,

Бақыт құс баянды боп сізге қонсын.

Періште қабыл көріп, әмин десе,

Батамыз осыменен тәмам болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *