Дұғаның дәміне бата

 

Еске алу деген ат қандай,

Жәннэттің таңы атқандай.

Иманды болсын аруағын,

Махшардық шамын жаққандай.

 

Өмірде сауап алғандар,

Баянсыз өмір жалған бар.

Фәни менен бақидың арасынадұғамен

Алтын көпір салғандар.

 

Аруақ тербеп дәм берген,

Артта қалған ұл-қыздар.

Бақытты болсын отбасың,

Жарық болсын жұлдыздар.

 

Ғұмырлы болсын ұрпақгар,

Өмірден сауап жинап қал.

Махшар күні болғанда,

Алдыңнан жанар шырақ бар.

 

Махшарлықболсын өткенің,

Өмірде ғибадат еткенің.

Дұғада болсын әр қашан,

Өмірде сауап еткенің.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *