Дүниені он сегіз мың ғалам дейді,
Басыңнан өткен дәуір заман дейді.
Дүниені әуел бастан ебілес билеп,
Ол кезде жаралмаған адам дейді.
Адамға ебіліс дұшпан көрінеді,
Осылай шариғатта делінеді.
Тәңірден еңібегім деп сұрап алған,
Өлім жоқ мәңгі бақи делінеді.
Адамды топырақтан жаратыпты,
Адам Ата – Хауа Ана деп аталыпты.
Тыңдасаң аңыз сөзбен шариғатты,
Кейінгі ұрпақ осылардан таралыпты.
Көп ұлт бар дүниеде тілі басқа,
Болған соң тілі басқа діні басқа.
Бәрі де бір Тәңірге жалбарынып,
Болған соң бір қауымда әуел баста.
Арғыдан мұсылмандық қауымдамыз,
Дініміз исламның заңындамыз.
Төрт иман соның бірі – иман Мағзам,
Біздағы иман Мағзам жағындамыз.
Мұхаммед соңғы өткен Пайғамбарым,
Дүниеге исламды жайған ғалым.
Кінәсін үмбетімнің жеңілдік деп,
Тәңірден тілек тілеп өткен ғалым.
Мұхаммед Пайғамбардан Құран Кәрім,
Шариғат айтып кеткен сөздің бәрін.
Белгісі мұсылмандық осылай деп,
Талдайды баян етіп молла бәрін.
Бес түрлі мойнымызда парыз болған,
Ораза, намаз өтелмесе қарыз болған.
Қажылық байланысты дәулетіне,
Жүзден бірі зекетке қарыз болған.
Бесінші парыз деген иманымыз,
Мейірім, рақым шапағат қылғанымыз.
Шариғат ғаділдіктің жолыменен,
Ғибадат о дүниеге жиғанымыз.
Секен шешен