Бесқара керей Асаубай деген кісінің сөзі

 

Ол бірде Құдайберген деген кісінің үйіне қонаққа келеді. Үй иесі бата жаса деп бір қой алып келеді.

Сонда Асаубай:

Мына қойды жаздай қатын сауып қақтаған ба? Болмаса қойшы түзу боқтаған ба. Болмаса әдейі Құдайберген келеді деп сақталған ба?-депті.

 Содан үй иесі екінші қой әкеледі. Сонда Асаубай:

Мына қойың өрмеген қой ма, өрген қой ма,

Мойнында мылтығы бар мерген қой ма. Құдайберген мен дейтін болсаң, осы қойды тіпті сойма.

Содан үй иесі үшінші қойды әкеліп сойыпты. Етті пісіріп әкелген соң етті жей бергенде Асаубайдың жолдасы етке қақалыпты.

Сонда Асаубай:

Асаубай айтқан мақалды, жолдасым етке қақалды. Түсер болсаң тезіңнен түс, жан шығарға тақалды-депті. Асаубайдың жолдасы аман қалып, содан Асаубай ет жемепті. Мына етіңнің бір шүбәсі бар екен депті.

                    Бәйке қарттан жазып алған Секен.   29.01.1967 ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *