Баянсыз өмір, мұңдыға айту көңіл

 

 

Біреудің дұғасына мейман болсаң,

Әлде сіз дұға окитын иман болсаң

Мүпминнің мұңын бөліс дауалатып,

Құнды сөз құнарлы ойдан жиған болсаң.

 

Тағдыр бар жас, кәрі деп қарамайды,

Жүрегін бауырының жаралайды.

Қиыннан қиыстырып көңіл айтшы,

Қайғысы мұңды жанның дауалайды.

 

Аққуды киелі деп атпайды екен,

Құнарлы ой, кұнды сөзді сақгайды екен.

Сөз миуа шырын қалқып теріп айтсаң

Тотыққын жүрегінді ақгайды екен.

 

Адамға ауыр нәубет қайғы деген,

Қимастың қасіреті жанын жеген.

Болмасын тэңіріне наразылық,

Өткенге жатқан жері жайлы деген.

 

Асыл сөз жүрек мұзын ерітеді,

Мұңдының мұңын бөліп келіседі.

Қайғыны мойындамай сейілтпесең,

Өмірің ол адамның кемітеді.

 

Қайғыны сейілтетін думан қызық

Құрбыңмен кездесіп жүр мәжіліс құрып.

Мұңменен қайғыңыздан ажыратар

Өмірден шаттықпенен көрген қызық.

 

Даналар көңіл айтса алтын сырға,

Мұндының қайғы назын сөзбен жуса.

Қиыннан қиыстырып айтылғаг сөз

Жүрегін дауалатар ол бір миуа.

 

Қайғысын кәусар сөзбен жеңілтіңіз,

Алладан медет сұрап кеңітіңіз.

Қимасты бергенде Алла, алған да Алла

Алладан күдер үзбе сенімдіңіз.

 

Дүниеге келген адам мейман деңіз,

Алланың жазуына илан деңіз.

Дүниеге келген адам өту керек,

Бұйыртсын Алла оған иман деңіз.

 

Жұбатып көңіл айтшы қаралыға

Жүрегін қайғы шалған жаралыға.

Етпе деп Тәңіріме наразылық

Кәрі-жас анаменен балалы да.

 

Көңіл айт қаралыға қамықпадеп,

Уына бұл қайғының жалықпадеп.

Түсірме ол қайғыны ішіңізге,

Тілекті бір Аллацан сарықпадеп.

 

Көңіл айт қуат беріп қаралыға,

Жүрегі қайғы жұтқан жаралыға.

Тай басар ат тұяғын деп айтыныз,

Артындаұрпақ қалған балалыға.

 

Қайғыны көп ойлама жамағатып,

Дұғаңыз сіздің болсьщ шапағатың.

Тәңірімөзі бергенің өзі алады,

Уақытша бізге берген аманатын.

 

Ешкімге баяны соз қайран өмір,

Әйтеуір жұбату ғой біздің көңіл.

Дүниеге түзу келсең, түзу өтші,

Адалдықбұл өмірден соған сену.

 

Жан бар ма бэйтерегі кұламаған,

Құламаса ол қайда ата-бабаң.

Ұрпақ өсіп артынаң көктесін де,

Мирасы Адам-ата Хауа-анадан.

 

Қарт өтсе бұл өмірден шал мен кемпір

Көңілді әзіл қосып сәнмен келтір.

Көңіл айтұл-қызынажас қалдың деп,

Аяғын ол сөзіңнің әнмен келтір.

 

Қарт өтсе ұл-қызына қамықпа де,

Семіз сой ниетіңді тарылтпаде.

Өзің де сол тоқсанға келесің деп,

Тілекті бір Алладан сарықпа де.

 

Арман жоқ ұрпақ қалған қарттарыма,

Артынан шырақ жанған салттарына.

Иманы о дүниеге жолдас болсын,

Мінгені пырақ болсын махшарына.

 

Жастардың Алла естірпе жаман атын,

Қарттар көрсін олардың шапағатын.

Тағдырға ешкім қарсы тұра алмайды,

Бір Алла өзі алады аманатын.

 

Жастай өткен арман-ау

Баянсыз болған жалған-ау.

Қайырын бер артының

Рақымың кең Аллам-ау.

 

Қайғының арты мұң болар,

Баянсыз өмір шың болар.

Адамды тағдыр бір тонар.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *