Бата

Әмин деп бата деген тілегіңіз,

Қыдыр деп қырықтың бірі жүрегіңіз.

Қоса ағар қосағыңмен ұрпақты бол,

Біздің де сізге деген тілегіміз.

Сыйлассын адал болып ауылдасың,

Адал дос ағайындай бауырласың.

Тумаса да туғаннан кем болмайды,

Парасатты ақылды қауымдасың.

Тәңірім бірлік берсін шаңыраққа,

Ордаңнан өсіп өнген бар ұрпаққа.

Болғанда ұлың қоныс, қызың өріс,

Ұқсасын көрген күнің шамшыраққа.

Ағайын бір-біріне қоғам болсын,

Отбасынан ынтымақ отан болсын.

Жақсы сөз әрқашанда жарым ырыс,

Айтылған жақсы тілек саған болсын.

Зиялы парасатты құдаң болсын,

Құдағи байсалды болып көңіл толсын.

Болсыншы өз балаңдай келін бала,

Батамыз қабыл болғай тәмәм болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *