Бата

Той болса дуылдаған көңіл толып,
Дастархан көңіл ашар дәмге толып.
Үй иесі әмин айтып қол жаяды,
Көңілі жақсы тілек бата болып.
Құдайым денсаулық пен ақыл берсін,
Байсалды жақсы мінез ала келсін.
Қосағың құдай қосқан аман болып,
Сары тісті ақсақалды жасың келсін.
Ризық дастарханнан кемімесін,
Келін де шай қоюға ерінбесін.
Үйіңе мейман келсе қабақ шытпай,
Бәйбішең қасын түйіп керілмесін.
Қораңда азын-аулақ қараң болсын,
Ұл мен қыз мейірімді балаң болсын.
Келінде кербез болмай көпшіл болып,
Мейманға дәм беретін шамаң болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *