Бата тілек

Әумин деп бата деген көңіліңіз,

Дәм беріп риза қылған сеніміңіз.

Қосағың құдай қосқан аман болсын,

Қызықты болсын сіздің өміріңіз.

Тауфиқты ұл мен қыз балаң болсын,

Ризық нәсіп кемімей шараң толсын.

Келін де әрі көркем инабатты,

Береке отбасыңа бақыт қонсын.

Бір Алла ғұмыр берсін ұрпағыңа,

Ақ орда қоныс болсын тұрағыңа.

Немере жиендерің құрмет етсін,

Ұқсасын көрген күнің жұмағыңа.

Құда мен құдағиың сыйлас болсын,

Ағайын ел жұртыңа қимас болсын.

Атанып өнегелі бай-бәйбіше,

Киелі шаңыраққа қыдыр қонсын.

Халыққа бейбітті өмір заман болсын,

Гүлденіп он сегіз мың ғалам толсын.

Алланың бергеніне тәубә келтір,

Батамыз осыменен тәмәм болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *