Әлхам деп бата берсек шаңыраққа,
Қалды-ау бай-бәйбіше жадырапта.
Жақсы сөз әрқашанда жан азығы,
Құдайым жеткізе гөр бар мұратқа.
Ұл өссе азамат болып ұядағы,
Келінді тәңір жазар қиядағы.
Отау болып шаңырақты көтереді,
Көңілдің дауалаған тиянағы.
Қыз өссе өріс болар сағынышты,
Сыйласын күйеу балаң сағынышты.
Құда мен құдағилар сыйлас болса,
Құдайым кемітпесін бар ырысты.
Той болса шаңырақта дабылдаған,
Есігің мейманыңа жабылмаған.
Қызықтап кәрі мен жас тілек айтып,
Батамыз құтты болсын бірі саған.
Секен шешен