Баталы сөз

 

 

«Әмин» деп қол жайсаңыз бата сұрап,

Мейманнан ақ тілектің жолын шырақ.

Құт келіп шанырағыңызға Қыдыр қонсын,

Ордаңыз мал мен басқа болып тұрақ.

 

Аман бол құдай қосқан қосағыңмен,

Шаңырақты бірге құрған ошағыңмен.

Тәңірім қайырлы ғып өмір берсін,

Жасай бер жүзге қарай одағыңмен.

 

Ұл мен қыз өсіп-өнсін бала-шаға,

Өмірдің жайлауына есік аша.

Тәңірім ақылменен тәупикберсін,

Қайырлы ғұмыр менен риыздық шаша.

 

Риыздық, нәсіп ортаймасын шараңыздан,

Ынтымақ, бірлік тотықпасын араңыздан.

Қоса ағар қосағыңмен бай-бәйбіше,

Құрмет көр ұлменен қыз-балаңыздан.

 

Құда мен құдағиың сыйлас болсын,

Ағайын ел-жұртыңыз қимас болсын.

Байсалды, өнегелі отбасы деп,

Әркімдер үлгі тұтып сырлас болсын.

 

Ардақгы ата-ана болып атанындар,

Қарттарды үлгі тұтып бата алындар.

Ұрпаққа жақсы жолмен тәрбие бер,

Жалғасып келетұғын Самалың бар.

 

Қазақгың әдет-ғұрпын сақтаңыздар,

Еңбегің ата-ананың ақгаңыздар.

Әркімнің мойнындабар парыз-қарыз,

Көкірекке ғибадатты сақтаңыздар.

 

Дүние мынау алтын сарайыңыз,

Пендесі риыздықтерген талайымыз.

Аллаға адал болып тілек тіле,

Сәулетті болсын сіздің маңайыңыз.

 

Ізгі болып инабатты келіндерін,

Шәрбатты нұрғатолсын көңілдерін.

Алланың пендесіне берері көп,

Ұрпақпен жалғасатын өмірлерің.

 

Жарасар шаңырақтарға думан қызық,

Мейманың ризаболар дәмін ішіп.

Ақ тілек қариялардың батасы бар,

Айтатын кәусар бұлақ сөзін сүзіп.

 

Айтылған тілекті сөз халқымызға,

Алланың нұры жаусын жалпымызға.

Мирасын бабалардың ұмытпайық,

Ұрпаққа үлгі қылу салтымызда.

 

Қайырлы адал еңбек маңдай терің,

Әркімге алтын бесік туған елің.

Мейірім, рақым, шапағатты ұмытпаңдар,

Ғибадат та келмейді саған тегін.

 

Айтылған миуалы сөз бата-тілек,

Адамға ең қасиет таза жүрек.

Тәңірім қайырлы ғып өмір берсін,

Ұрпақпен риыздығын қоса тілеп.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *