Бата

Той деген думан қызық дабылдаған,

Бәйгеге тұлпар қалмас шабылмаған.

Шаттықпен куаныштың тойы болсын,

Жан бар ма ондай тойға сабылмаған.

 

Сарыарқа сахаралы даламызда,

Ақсу кенті шағынданған қаламызда,

Той думан әр түндікте бола берсін,

Қызықтап той-думанмен барамыз да.

 

Әселім алтын жұлдыз алған екен,

Әркімнің қолы жетпес арман екен.

Асан мен Рабиға қызықтай бер,

Ниеті меймандардың дарқан екен.

 

Әркімдер түлетеді балапаның,

Ұшуға қанат қағып жарағаның.

Шыңына бұл әлемнің шарықтай бер,

Бір Алла қабыл қылсын қалағанын.

 

Құт келіп Қыдыр қонсын шаңыракқа,

Меймандар келе берсін бал-бұлаққа.

Қызықтап ұл мен қыздың тойын тойлап,

Болсыншы өмірлерің шамшырақша.

 

Сөз миуа, кәусар бұлақ ағым екен,

Жақсы сөз, жарым ырыс жағым екен.

Әр мейман жүрегінен тілек айтты,

Айтқанша сол сөздері сағым екен.

 

Тойыңыз кызықгы өтсің базарымен,

Жақсы сөз айтылды ғой ажарымен.

Алланы аузымыздан тастамайық,

Тілектер қабыл болсын қалалымен.

 

Мұндай той сіздерде де болып тұрсын,

Көңілдер куанышқа толып тұрсын.

Тілекті періштелер «әмин» десе,

Қыдырды шаңырақга жолықтырсын.

 

Балапан қанаттанған ұясында,

Ұшады биік шыңның қиясында.

Ақ тілек қариялардың батасы ғой,

Терілген сөз маржаны миуасына.

 

Ғаламға біз тілейік ашық аспан,

Бір Алла пендесіне риыздық шашқан.

Бата мен тілекті сөз егіз екен,

Миуалы сөз кәусарын үнін қосқан.

 

Той думан қызығымен елдің көркі,

Аққу қаз үйрегімен көлдің көркі.

Ақ тілек айтыңыздар меймандарым

Батамыз дәм қайырым сөздің көркі.

 

Отаным отбасымен аман болсын,

Бейбітті жер үстінде заман болсын.

Тілеймін баршамызға ашық аспан,

Батамыз осыменен тамам болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *