Бала мен келін ойлаңдар

Бала мен келін ойлаңдар,

Ізгілікті жоймаңдар.

Құрмет етпей кәріге,

Күнәлі болып қалмаңдар.

 

Жасы жеткен адамдар,

Өткен күнді армандар.

Өз-өздерің кінәлар,

Сендер де сондай болмаңдар.

 

Туудан құр қалмаған,

Өлімнен де құр қалмас.

Қайта келіп дүниеге,

Кешірім сұрап жүре алмас.

 

Жоқ болмасың бар болсын,

Балаға сыйлас жар болсын.

Сырттарында қамқор боп,

Кемпір менен шал болсын.

 

Жақсы-жаман болса да,

Бала мен келін бар болсын.

Ізгілікті ұрпақ өсіріп,

Бір-біріне жар болсын.

 

Қартайған адам қазына,

Кемпір менен шал болсын.

Ақылға сабыр ұялап,

Адамға ұят ар болсын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *