Ертеде бір байдың жылқысы жұт жылы қырылып қалыпты. Сонда ауыл ақсақалдары барып көңіл айтады. Оламен бірге Сәдір деген ақын шал да барады. Сәдірдың сонда айтқаны:
Өлуші мал болсын,
Өтеуші құдай болсын,
Ендігі ақыл былай болсын.
Бұрынғы бай жоқ, жоққа күйдіреді
Ендігі бай шық бермес шығай болсын.