Ақан сері сөздері

 

Шірімес алтын жерде жатқанменен,

Оқ өтпес ажалсызға атқанменен.

Жалқауға сөз, жаманға таяқ етпес,

Тас жібімес дарияға батқанменен.

 

Ер пайдасы тиеді сасқан жерде

Ел жаңылып етегін басқан жерде

Жаманға жазатайым ісің түссе,

Жабысып қалады екен аспан көрге.

 

Жігітті шешенсінген дауда сына,

Мақтанған қыран құсты ауда сына.

Қарын тоқта әркім-ақ үйде батыр

Жігітті батырсынған жауда сына.

*** 

Кеселді жалқау қылжақбас

Әзір тамақ, әзір ас.

Сыртың пысық, ішің лас

Артын ойлап ұялмас.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *