Ақан Серіден бір ақын қыз сұрақ сұрапты:
«Ақан аға,
Жарлыққа не қайла тоқ болғандай,
Жалғыздыққа не қайла көп болғандай.
Алдымызда қияметтің азабы бар,
Оған да бар ма шара жоқ болғандай».
Ақанның жауабы:
«Барыңа қанағат қыл тоқ болғандай,
Жалғыздыққа шүкірлік қыл көп болғандай.
Дүниеге түзу келіп, түзу өтсең,
Азабы қияметтің жоқ болғандай».
/Мына сөзді Құлмағамбет ақсақалдан естідім/
Секен шешен