Ақан серіден бірер сөз

 

Ақан, Науан қазіретпен бажа екен, бірде екеуі бір үйде дәмде кездесіп алдарына дәм келгенде, Ақан қазіретке осы дәмнің алды не арты не деп сұрақ қойыпты. Сонда қазірет сөзден тосылып әй жүйрігім өзің айтшы дейді. Ақан айтады дәмнің алды бисмиллә, арты Аллаһу әкбар емес пе деген екен. Дәм ішіп әңгімелесіп отырып, Науан Ақанға сұрақ қояды «Ақан сен ораза ұстаған жоқсың, намаз оқыған жоқсың, жақсы киім кидің, жақсы ат міндің, қайда той думан болса сонда болдың, қызық қуанышты босатқан жоқсың о дүнеде не тілегің бар?» — дейді.

Сонда Ақан былай деп жауап береді:

«Құдай ау Есләмнің дінінде қыл,

Идәйәт тұғырлықтың жолында қыл.

Шәрбәтін  бұл өлімнің татқан күні,

Өтерімде рақмет  жұма түнінен қыл.

Тіріліп  кәбірден бас көтергенде,

Есімін бір Алланың  есімде қыл.

Жақындап періштелер келген кезде,

Суәлімді  мүшкіл қылмай жеңілдік қыл.

Махшарға  жақсы жаман жиналғанда,

Мұхаметке үммәт болған қауымды қыл.

Саясы  жоқ шөлдейтін күн болғанда,

Сусынымды кәусәр көлінен қыл.

Ақ туын Пайғамбардың көтергенде,

Қасынан  жырақ қылмай  түбінде қыл деп тілеймін» — деген екен.

Сонда Науан, Ғазрет: «Ерден иман құтылмас, жүрегі  таза бұзылмас» — депті.

Мен осы сөзді Шәкіжан  ақсақалдан естдім./

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *