Бата алып дәмге өсіңіз,
Көрікгі болсын көшіңіз.
Қайырлы болып, барған жер
Бақытты өмір кешіңіз.
Құтты болсын крнысын,
Қала ғой, қазақ-орысын.
Жақсы көрші кездессін,
Тілек қой айту сол үшін.
Көш көрікті деген сөз
Жайлауға көшкен ел екен.
Шалқар көлдің жағасын,
Жағалай крнған ел екен.
Бабалар көшкен жайлауға
Желігі бие байлауға
Бірін-бірі шакырып,
Ырым ғып жұртын майлауға
Қазіргі көшу қалаға
Сақ болу керек балаға
Есіғіңді кілттейсін,
Кірсең, шықсаң, далаға.
Далада өскең қазақпыз,
Есікке кілтті салмайтын.
Үйренгенше қиын-ау,
Жүгіріп есікке бармайтын.
Қайта оралмас заман-ай,
Әйтеуір, халқымыз аман-ай,
Өзіңді-өзін кілтке сап,
Отыруың жаман-ай.
Риыздық, нәсіп, мол болсын,
Қайда жүрсең мол болсын.
Ұмытып кетпе ауылды,
Біздің тілек сол болсын.
Жұртынды майлабарған соң,
Көршілеріңді шақырып,
Қазақтың ескі салты ғой,
Жұрт майлар деген тақырып.ъ
Ағы мына заманның
Бәрі де тұр-ау жарасып.
Ескі дәстүр азайып,
Жаңа кірме жол ашып.
Отбасыңа амандық,
Көрме ешбір жамандық.
Ұл-қызың өссін мейірімді,
Батамыз болсын саған құт.