Арағың тіске жұмсақ шайнамайтын,
Отынға шығыны жоқ қайнамайтын.
Тілменен көңіліңнін кілтін ашар,
Ішпесе аузын бағып сайрамайтын.
Қалтаңды тақырлап ол қағатұғын,
Айырып денсаулықтан алатұғын.
Зияны екі дүниеге бірдей тиіп,
Мал емес өсімі бар бағатұғын.
Арақ ішкен иманынан азып кетер,
Періште маңайынан қашып кетер.
Ел жұртпен ағайынға кәдір болмас,
Адамды аздыратын ол бір кесел.
Нәпсін арақ билеп тұр,
Көмекейі күйлеп тұр.
Ақылды ібіліс илеп тұр,
Өмірді оның күйреп тұр.
Араққа қалық ауып тұр,
Өтірікті сауып тұр.
Жолы ашылып харамның,
Аққа қара жауып тұр.
Ішкен адам есіріп,
Отбасын үрлеп өшіріп.
Үй ішіне ылаң салып,
Көшеде жатар көсіліп.
Жексұрын болып халыққа,
Шыға алмайды жарыққа.
Ақылыңмен ойлашы,
Осы сөзім анық па.
Ақылдан безіп қоштасып,
Аяғымен от басып.
Бөтелкемен соттасып,
Жалғыз қалар боқ сасып.
Секен шешен