Қаланған Отаныңның ірге тасын,
Тіліңмен сипат беріп дамытасың.
Дініңмен тіліңізге берік болшы,
Басқа жұрт сізге қарап таңырқасын.
Өз тілінен безген жан азған болар,
Ақылынан адасып тозған болар.
Ақ сүтімен ананың дарыған тіл,
Қасиетін білген жан озған болар.
Өз намысын қорғайды барлық халық,
Әрине ондай елдің алды жарық.
Тілден безіп басқаға кірме болса,
Айтып жүр ғалымдардың сөзінде анық.
Оралман шеттен келген ағайындар,
Ана тілі сақталған сарайында.
Діні мен тілдерін сақтап қалған,
Қазақтың иісі қалған маңайында.
Көп тіл білсек тіліңіз жауыр болмас,
Ағылшын, орыс тілі ауыр болмас.
Сақтап қал сайысында өз тіліңді,
Қазақтай олар бізге бауыр болмас.
Қазақ тілі бай тілдің қатарында,
Кемдік көрген саясат отарында.
Егеменді ел болдық Қазақ елім,
Тілімізді теңейіп қатарына.
Тіл құрал таңбасындай ұлт айнасы,
Қазақты қазақ қылған бұл пайдасы.
Ұмытсаң өз тіліңді кім болғаның,
Сараптап ой түйіндеп оны ойлашы.
Ағылшын қазақ пенен орыс тілі,
Бірі сауда, бірінің қоныстығы.
Бәсекелік әлемде дәуірлеп тұр,
Үш тілдің Ел ұйтқысы болыстығы.
Саясатта өмірдің сара жолы,
Мәдениет ізімен құрған торы.
Өз тіліңді қатардан қалдырмайық,
Молайсын қазағымда сөздің қоры.
Әр адамға ойлайық намыс керек,
Намысыңды қорғайтын табыс керек.
Оян қазақ, деп айтқан Мыржақыптың сөзі қайда,
Бәсекелік жолмен жарыс керек.
Мың бұрауға келетін бұл Ана тіл,
Қатарға қасиетін жарата біл.
Туың биік болсын деп бәсекеге,
Ауызыңа сол халықты қарата біл.
Секен шешен