Ғаураттың бейнесінде ашып тұрған,
Періште маңайынан қашып тұрған
Ебіліс еріккеннің ермегі боп,
Наданды азғындыққа ғашық қылған.
Орай салып бастарын,
Жалбыратьга шаштарын.
Жарқылдатып астарын
Періштенің қашқанын.
Әйелдік назды ұмытып,
Ебілісті сүйіп жуытып.
Дәстүрі тозып барады,
Көңіліңді заман суытып.
Жырық етек көйлегі,
Көрсетеді ғауратын.
Желдеткішке жақсы ма,
Жарқылдатар ол санын.
Үлкеннің кесіп алдынан,
Көлденеңдеп өтеді.
Ленталап тіккен көйлегі,
Жаба алмайды бекетін.
Көрсетеді кіндігін
Ғаурат емес ол бүгін.
Біраздасын көрсетер,
Ашып қойып түндігін.
Омырауы кең көйлек,
Көрсетеді анарын.
Қос анары салбырап,
Тайдырмайды жанарын.
Жаңаша қазір заман деп,
Ескінің бәрі жаман деп.
Көрсетпеген нең қалды,
Қатарыңнан қаламдеп.
Заманың болар қолдасың,
Иманың болар жолдасың.
Ислам салтын ұмытсаң,
О дүниеде болар оңбасың.
Ерлерді арақ тоздырды,
Әйелді мода тоздырды.
Байтал шауып бәйге алды,
Жабыны тұлпар оздырды.
Қағып-қағып шақшасын
Ерлердің алды ақшасын.
Азайса да берер өнімі,
Өзінің бұлдап бақшасын.
Шалбарың киді ерлердің,
Правомыз бірдей деп.
Бүркіт болсаң бола бер,
Біз боламыз кырғи деп.
Ерлердің киіп қалпағын,
Байқатып оған салмағын.
Ерлер байғұс көніс қой,
Беріп жатыр алмағын.
Рөмкеге енді жармасты,
Ортақгасып араққа.
Жүлде алғандай болып жүр,
Алқаш деген атаққа.
Мода деп шылым сорады,
Бұған да бертін жолады.
Айырып ал ішінен
Алтын менен қоланы.
Анаша енді жақын тұр,
Өткен заман сағым бір.
Ар жағында не бар деп,
Таусылып оған ақыл тұр.
Бала туу азайды,
Алдырмайды мазасын.
Табиғи жолды тоқтатып
Кім береді жазасын.
Қазір безсең баладан,
Үлгі ғой елге тараған.
Қилы заман келгенде
Іздерсің оны даладан.
Бәрін бірдей халықгың
Қаралаудан аулақпын.
Біздедебар қыз-келін
Оларға да жаутақпын.
Көрген кезде жазық жоқ,
Тілмен өшті алмақпын.
Оқыған айтар бағасын,
Базарға сөзді салмақпын.
Теледидар, интернет
Үйрену өнер ол міндет.
Түнгі клуб және бар
Халыққа келген ол індет.
Ескі де менің заманым,
Жаңада менің заманым
Айырып ап ішінен
Жақсы менен жаманың.
Қилы-қилы заман деп
Бабалар айтқан осы ма.
Жалғаны жоқ көрініс
Оны айтты деп шошыма.
Перзентке қойып тосқауыл,
Арқада болды кұр жауыр.
Түн ұйқысын бұзбайды,
Әке-ана болды тас-бауыр.
Секен шешен
25.05.2006 жыл