Абылай хан Бұқар жыраудан : «Осы қазына кімде?»-деп сұрайды. Абылай өзің айта берсейші, бізден сөз кетті ғой дейді. Мен айтсам дейді Абылай: -Қазына ханда, ханнан қалса, байда-дейді. Жоқ, олай емес-дейді Бұқар,- бір жұтағанда байда қазына қалмайды, екі шабылса ханда қазына қалмайды. Қазына білімдінің аузында, бір езуі алтын, бір езуі күміс.