Өз ойымды қорытып

 

 

Өз ойыма жорытып,

Білгенше жаздым қорытып.

Окушылар сыншы ғой,

Не айтар екен қорытып.

 

Естіген сөздер шариғат,

Бұқара, халық іздер ме.

Ескерту етсек сіздерге,

Сауабы тиер біздерге.

Шариғат сөзіне сен дейді,

Жататын жерің көр дейді.

Жер койнына өткен соң,

Періштелер бізді тергейді.

 

Әңкүр-мәңкүр періште,

Сауалға келер көріңе.

Иманды жанға оңынан,

Көрінер жылы көзіне.

 

Кінәлі жанға қатал боп,

Басы мүйіз тажал боп.

Арты киіз көрінер,

Қолында курзі қаһар боп.

 

Рабың кім деп сұраса,

Бір Алла деп айтыңыз.

Көкірекке сақта өмірде,

Иманды болып қайтыңыз.

 

Пайғамбарым Мухаммед,

Ислам дінін таратқан.

Он сегіз мың ғаламды

Бір тәңірім жаратқан.

 

Дініміз біздің Ислам,

Мұхаммед оны ашты ғой.

Таза дін деп ғадыл деп,

Әлемге нұрын шашты ғой.

 

Құран Кәрім кітабың,

Дін жазылған шырағың.

Иманды жандар жаңылмас

Періште қойған сұрағын.

 

Құбылаңызды айт Байтолла,

Намазға тұрған бағытың.

Көкірекке сақтап жаттап ал,

Кетпейді оған уақытың.

 

Бұл сөздерді сауап деп,

Ұғып алшы түгендеп.

Ойламаңдар ағайын

Мәңгі тірі жүрем деп.

 

Молладан сұра шариғат

Көңілге түйіп жаттап ал.

Ойыңнан оны шығарма,

Қағазға жазып хаттап ал.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *