Бойдақ әйел түзейді фигурасын,
Қалайша түземесін қара басын.
Мін тауып құтылады байдан безіп,
Өзінің азат еткен қара басын.
Әй дейтін қожасы жоқ ерік алған,
Үлгіні еркіндікке сеніп алған.
Нәпсінің қалағаны табылып тұр,
Құзғынның бірі кетсе бірі қалған.
Оңаша үй-қыз ойнаққа жайлау болған,
Ескі кетсе жаңаға сайлау болған.
Осылай өмірлері өтіп жатыр,
Қартаярын еске алмас байлау болған.
Үлгісізін үлгі ғып тауып алып,
Байдан безді пәлені жауып алып.
Түп-түзу болып дүниеден өтер ме екен,
Некесіз бай арзан қол тауып алып.
Киімнің ең асылын киген әйел,
Некесіз жігіттерді сүйген әйел.
Жалғанды жалпағынан басып өтер,
Отына ол дозақтың күйген әйел.
Тістерін саусағымен алтындаған,
Құлақта алтын сырға жалтылдаған.
Кірпігін қасыменен бетін бояп,
Тоты көп оңаша үйде жарқылдаған.
Жасында тәуекел деп бекінеді,
Қартайса тілін тістеп өкінеді.
Жазықсыз кінә тауып жардан безіп,
Осыдан талай ұрпақ шетінеді.
Қызығын отбасының көре алмайды,
Жемісін бақшасының тере алмайды.
Кәрілік торын құрып келген кезде,
Алдында не боларын сезе алмайды.
Жасыңда жоғың бардай табылып тұр,
Кейбірі нәпсі құрып сапырып тұр.
Кәрілік соңғы өмірде көрген дозақ,
Есігі дүниенің жабылып тұр.
О дүние маңдайыңнан сипар ма екем,
Әлде соған зауал деп қинар ма екен.
Сүннәтін Пайғамбардың бұзғандарды,
Сенің орның тамық деп жинар ма екен.
Қайран өмір жеміссіз зая кетіп,
Кәрілікке пана жоқ сая кетіп.
Шығама топыраққа екпегенің,
Адамға тағдыр келер қаза жетіп.
Секен шешен