Ұнамсыз көріністерге

 

Әркімнің сенген пірі бар,

Әр түрлі пікір сыны бар.

Әр түрлі құлық міні бар,

Ұнағанын ішінен

Керегі болса сүзіп ал.

 

Ұрлықтың  әрбір түрі бар,

Парасаттап біліп ал.

Шариғат сөзімен икемдеп,

Дастарқаннан іліп ал.

 

Тойдікін той деп аласың,

Бір мәз болып қаласың.

Кәрінің асы болғанда,

Немерем бар деп аласың.

 

Жас өлікке барғанда,

Қан жылап отырған сорлыдан.

Қарқ –қарқ күліп мәз болып,

Үндемей қалтаңа саласың.

 

Бір-біріңе мырза болып,

Дастарханын біреудің,

Тәлкіге ойсыз саласың.

Бес кәмпитті олжа деп,

Дағды қылып барасың.

 

 

Тышқаншылап жиғанмен,

Досым-ау қайда барасың.

Ер адамға жараспас,

Қалтаға салып алғаның.

 

Болмашыны пайда қылып,

Қиянат сөзге қалғаның.

Қалтаға салған бес кәмпит,

Ер адамның жолы ма.

 

Пайғамбардың сүннәті,

Әйелдерден қорыма.

Опасыз дүние жалған бар,

Біреудің қақысын алмаңдар.

 

Шариғат бұрып көз бояп,

Кінәлі болып қалмаңдар.

Біреудің алып зейнетін,

Тартып жүрме бейнетін.

Көз жасына қаларсың,

Артында болса көп жетім.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *