Кәртайсаң қадірің жоқ бағасызсың,
Кей ұрпақ көрсетіп тұр панасызын.
Өткен күн екі айналып қайра келмес,
Бір кезде әлпештеген қарашығың.
Айтады -ау ұлым да бар, қызым да бар,
Сүйеніш көре алмаған қарт кіріптар.
Үкімет үйі бар деп әкеліп салады,
Қарттарға тамық сыйлар бұзылғандар.
Мұны көрген қариялар қайран болды,
Іші наз, сырты кемдік майдан болды.
Келмейді қайта айналып өткен дәуір,
Жастық жұмақ, кәрілік дозақ қайдан болды.
Қарттар үйі Үкіметтің панасызға,
Кәрі мен жетім қалған анасызға.
Тумасы бола тұра апарады,
Осыған қайран қалам, нанасыз ба?
Біреудің өсіп өнген ұрпағы жоқ,
Жанашыр ағайыннан жұрнағы жоқ.
Барар жер, басар тауы болмаған соң,
Барады Үкіметтің құшағына.
Адамның қартайған соң кеюі анық,
Кей надан сол кәріден жеруі анық.
Кәрісін құрмет етпей безгендердің,
Отына жәһаннәмнің еруі анық.
Қарттардың үйі бар деп Үкіметте,
Апарып тастағаны құрмет пе?
Бір кезде оны өсірген әке-шеше,
Бұл кезде айналып тұр кесірткеге.
Қартайды керегі жоқ өлмейді деп,
Бұл кәрілік өзіне келмейді деп.
Дүниеден алшаң басып өтсең дағы,
Ойлама теріс бата бермейді деп.
Кәртайсаң шіріп қалған қу терексің,
Мүшең бүтін болғанмен мүгедексің.
Көрмесең ұрпағыңнан қайырым, рақым,
Қаңғырып жұртта қалған сүмелексің.
Панасы жоқ қарттардың амалы жоқ,
Өзінен күш кеткенде амалы жоқ.
Әйтеуір көз жұмғанша пана керек,
Үкімет үйі деген көңілге тоқ.
Ұрпағы кей қарттардың бола тұра,
Кәріге мін тағады жала қыла.
Борышын ата-ананың ақтамаған,
Жүрекке дақ салады жара қыла.
Қара шал, қара кемпір торға түскен,
Басқа амал таусылған соң зорға түскен.
Ұл мен қыз жүріп жатыр өз жайында,
Өзі туып,өзі өскендей қолға түскен.
Секен шешен