Қорқыт ата болдың ба,
Барған жерден оңдың ба.
Елді тастап кетесің,
Жадағай үйден тоңдың ба.
Базардың сауып сиырын,
Орыстан болып үйірің.
Ала сапыран болып тұр,
Дүниенің шіркін қиынын.
Биік үйің берік ау,
Шаңырағы шайқалмас.
Қалтасы жұқа кедейім,
Ешкімге мұңын айта алмас.
Бай мен кедей тең емес,
Кедейге қала жөн емес.
Бақас болма барменен,
Теңелетін сен емес.
Біреу тойып секірер,
Біреу тоңып секірер.
Біреу тойып кекірсе,
Біреу жүдеп өкінер.
Әсем үйі қаланың,
Қызықтырған талайды.
Кедей сорлы жалтаңдап,
Қалтасына қарайды.
Бақастық туып халыққа,
Кінә қойып нарыққа,
Берекесіз болған адамдар,
Зәру болмай жарып па.
Сәулетті үйі қаланың,
Қалтасы қалың шоңдарға.
Арасында кедейім,
Ауыртып басты сандалма.