Сөз тердім білгенімше шариғаттан,
Болсын деп дін жолына ерте сақтан.
Өмірдің мәңгі емесін білсеңіздер,
Әлеумет құр болмаңыз ғибадаттан.
Өмірге саяхат жол мағрипаттан
Адамға білім ғылым табиғаттан.
Әлемнің жаңаша бір кілті ашылар.
Талпыныс адамзатқа ақиқаттан.
Адамның парыз-қарыз өміріне,
Болсын деп екі дүние көңілімде.
Бір күні хақтан хабар келе қалса,
Болсыншы Тәңір жолы сенімімде.
Мейман боп бұл дүниеге келген адам
Жарығын бұл дүниенің көрген адам.
Ескермей ғибадатты өкінбеңіз,
Келмейді екі айналып өлген адам.
22.04.2005 жыл
Секен шешен