Қыздар бар сұлу болған қатардағы,
Әркімнің көңілі ауған назардағы.
Қыз өссе елдің көркі деген сөз бар,
Пұлындай саудашының базардағы.
Әркімнің жастық шағы базардағы,
Бастасаң ой жіберіп назардағы.
Мысалдап өткенімнен сөз жазамын,
Сабақтап ойдың түбін қазардағы.
Бір сұлу жарасады көркіменен,
Нәпсіге көрік гүлін ектіме екен.
Мінезі ақылымен сәйкес болса,
Япырмай қор қызындай текті ме екен.
Бір сұлу жарасады назыменен,
Кем кетігін білдірмес азыменен.
Сөйлесе келешегін артын ойлап,
Япырмай төрешідей қазы ма екен.
Бір сұлу жарасады жанарынан,
Назданған инабатты қарарынан.
Әзілі ізгілікті кіші пейіл,
Жан сұлу орын алар қатарынан.
Бір сұлу мінезімен жарасып тұр,
Ақылға салмақтығы жанасып тұр.
Бақшада піскен алма шуақты күн,
Бозбала осындайға таласып тұр.
Әнші қыз әніменен жарасып тұр,
Әндағы адам көркі бағалы бір.
Қызыл тіл өнер алды деген сөз бар,
Сұлулық қатарынан мұныда біл.
Ақын қыз аты шыққан айдындағы,
Аңыз қылып ақындығын жайдыңдағы.
Ол дағы өнерімен теңін іздер,
Торына түспей кетер байдыңдағы.
Секен шешен