Сайқымазақ сөз болды

Сайқымазақ сөз болды,

Көкірек соқыр көз болды.

Алтыннан қымбат ардақты,

Қола менен жез болды.

 

Тілмен сопы көп болды,

Іспен сопы жоқ болды.

Қалады жолдап харамға,

Көңілдері тоқ болды.

 

Біреудің айтсаң кемдігін,

Кінәлі болып қаласың.

Аузын баққан залым қу,

Аудырар саған жаласын.

 

Харамдыққа ауып тұр,

Біреуге бәле жауып тұр.

Бірінен-бірі үлгі алып,

Қулықты мал қып сауып тұр.

 

Дінді орнына көшіріп,

Керектісін көшіріп,

Пайдалы жерін өшіріп.

Шелекке құйған судай болып,

Ағып жатыр тесіліп.

 

Асыл сөз қалып жырақта,

Жел сөз келіп құлаққа.

Кәусәр бұлақ қор болды–ау,

Ұқсамай қалды шыраққа.

 

Бұзықтан қауіп күтіп тұр,

Сыртынан ғайбат қылып тұр.

Бер жағымен оны алдап,

Пішінімен күліп тұр.

 

Ұстазды көрмей молда болып,

Ризық нәсіп жолда болып.

Некесіз туған баладай,

Шариғатқа жорға болып.

 

Тілмен сөйлеп таза болып,

Парыздың бәрі қаза болып.

Кәриман мен Кәтиман,

Жазатын олар жаза көп.

 

Құранды тілге тиек қылып,

Өз пайдасын ниет қылып.

Бір құранды бөлшектеп,

Бас–басына үлес қылып.

 

Оқып шыққан ғалым көп,

Басқарамын деп жалын көп.

Қолына билік тиген соң,

Шашады оны залым деп.

 

Момын жандар ішінде,

Көпшілікке еріп жүр.

Қолдан келер қайран жоқ,

Бір тәңірге сеніп жүр.

 

Тұлпардан тобы озып тұр,

Азайып шындық тозып тұр.

Ғаділетті қолдау аз,

Қарамдық билеп азып тұр.

14.01.2000жыл

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *