Оқыған  кітаптарыма берген  бағам

 

Әрі ақын,әрі әулие Мәшүр Жүсіп,

Сөздері бізге жеткен хатқа түсіп.

Сөзінен ақылды жас ғибрат алсын,

Көліндей кәусіл-кәусәр суын ішіп.

Адамның сазгер бұлағы,

Халыққа жаққан шырағы.

Жақсының аты жойылмас,

Көңілге жайлау тұрағы.

Кеудесі толған қазына,

Тәңірдің нұры басында.

Сөздерінен ғибрат ал,

Кәрі құлақ жасыңда.

    07.05.1997ж

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *