Қуаныш:Армысыздар халайық! Ұлыс оң болсын! Тойымызға арналған алғашқы ақ тілеуді Ұлыс тойымыздың ұлы қонақтарына берейік.
Мәншүк: Колледжімізге мәуелі бәйтерегінің мол жемісін шашқан Балқадиша Қайырбайқызын, Қазына Бейсембайқызын, Кеңес Мұхтарұлын, Қасымжан Хасенұлын, Зейнекамал Қасымқызын, Ақмарал Хамитқызын, Дариға Қарипенқызын, Үмітжан Нүрпейісқызы, Мәнсия Белгібайқызын,БалкенРашитқызын_зор қошеметтен ортаға шақырайық.
( Сөз сөйлеп болған соң, Қуаныш шығады)
Қуаныш:Ертеде қазақ даласында Наурызды бір ай бойы тойлаған екен. Біз, міне, бір ай болмаса да үш күн тойлап жатырмыз. Наурыз күнін қуанышпен думандатып қарсы алсақ, жыл бойы шаттық, береке, молшылық болады деген атадан қалған ұғым бар емес пе? Олай болса, әсем әнмен думандатайық.
(Музыка бөлімінің оқытушысы ән айтып болған соң, екі жүргізуші шығады)
Мәншүк:Кел, наурызым, берекеліжылбасым,
Мәңгіліккезамананыңқұрдасы.
Жылдаменіқуанышқабөлейсің,
Ғасырлардыңжәнеменіңсырласым.
Қуаныш:Ұлыс тойымызға арналған келесі ақ тілектіколледж шаңырығын шаттыққа толтырып, игі істердіңұйытқысына айналған Нұртас Ахатұлы мен Тілек Батырханқызына берелік.
(Сөз сөйлеп болған соң, Мәншүк шығады)
Мәншүк: Қуаныштан шаттан қылар,
Қазағымның салты ғой.
Ән менен би жалғастырар
Бүгінгі күн болсын той.
(Үш қыз би билейді, Қуаныш шығады)
Қуаныш: Наурыз күні шаттанып,
Ойналық та күлелік.
Әзіл-қалжың күлкіні
Тамашалап көрелік.
(Педагогика ПБ әзіл-қалжыңға толы қойылым қояды,екі жүргізуші шығады)
Мәншүк:Кел, наурызым, бұла күшім, балғыным,
Сен келгенде қашар менен қайғы-мұң.
Құдіретің бар жаңғыратын ғаламда,
Сондықтан да асқақ сенің айбының.
Қуаныш: Тойымызға ақ жүректерінен шыққан ақ ниеттерін
білдіруге колледждің арқа сүйер ағалары
Құрмет Сақайұлын, Қайрат Бақытжанұлын,
Тілеуғабыл Иманбайұлын,Өмірбек Шаймұратұлын,
Мәжит Елемесұлын шақырамыз.
( Сөзсөйлеп болған соң, Мәжит Елемесұлы күй тартады. Сосын екі жүргізуші шығады)
Мәншүк:Ән келеді ақ жауын боп селдеткен,
Шемен жанның ет жүрегін шерлі еткен
Тыңдар құлақ сен түгілі құлықта,
Сұлу сарын сырласады жер-көкпен
Қуаныш: Ән келеді әлди-бесік иіні,
Тыңдағанда тарқар көңіл күйігі.
Осы бір ән көп әуеннен әуезді,
Біле білсек ән біткеннің биігі.
Енді, жезтаңдай әнші қыздарымыздың өнеріне
тәнті болыңыздар.
(Музыка бөлімінің оқытушысы ән айтып болған соң, Қуаныш шығады)
Қуаныш:Бастаңғымызды қыздырайық деп жүрген колледж
жастарының мерекелік шашуын қабыл алыңыздар.
(Жалпы және ағылшын ПБ әзіл-қалжыңға толы қойылым қояды,екі жүргізуші шығады)
Мәншүк:Ұлыс тойымызға ақ тілегін білдіруге ортаға Сара
Левқызын, Ардагүл Мұстафақызын, Күләжан
Баймолдақызын, Дина Ақпарқызын, Зауреш
Жукенқызын, Жанар Ақжолқызын
шақырамыз.
(Сөз сөйлеп болған соң, әндерін айтады. Екі жүргізуші шығады)
Мәншүк:Жігітке жеті өнер де аз деген ғой атам қазақ.
Асық ойнап, алшысынан түсірсе, күресіп
балуанмен белдессе, жебе тартып мергендігін танытса,
нағыз жігіттің төресі дер едік, солай емес пе,
Қуаныш?
Қуаныш:Әрине, жігіттің нағыз төрелері біздің колледжімізде ғой.
Ендеше, ортаға нағыз жігіттердің төрелерін шақырайық.
(Дене тәрбиесінің ПБ ұлттық ойындар көрсетеді,екі жүргізуші шығады)
Мәншүк:Міне, жігіттердің өнерлері Наурыз думанының сәні
келтірді емес пе! Ендеше, жігіттердің өнерлеріне
ризашылығымызды білдіре отырып, мына әсем әнді
өздеріңізге арнаймыз.
(Музыка бөлімінің оқытушысы ән айтып болған соң, Қуаныш шығады)
Қуаныш:Ұлыс күні қазан толса,
Сол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алсаң,
Сонда олжалы жол болар –
демеуші ме еді. Олай болса тойымыздың қадірменді
қонағынан бата сұрайық.Наурыз бата беріңіз мына
халқыңызға.Илахи-амин!
(Бата береді,екі жүргізуші шығады)
Қуаныш:Жыл басы еліміздің жасыл көктем,
Ұлыстың ұлы күні Наурыз екен.
Халайық, мерекеңмен құттықтай кеп,
Ұлы той дәстүрлерге бас иемін
Мәншүк:Наурызым – бұл достықтың мерекесі,
Наурызым – бұл шаттықтың берекесі.
Бірге:Ұлыстың Ұлы күні, Ұлы тойы
Жасасын өмірімнің шежіресі!
(Көңілді әуен ойналып тұрады)