Некесіз туған сәбилер көп

Некесіз туған сәбилер көп жала болған,

Жалдама нянка деген ана болған.

Алланың бұлар үшін шапағаты,

Қамқоршы Үкіметім пана болған.

 

Балалар үйі дейді Үкіметім,

Көздері жәудіреген  тірі жетім.

Мейірімін ата-ананың көре алмаған,

Маңдайға жазды ма екен құдіретім.

 

Кінәлі осыларға замана ма?

Сәбиін жетім қылған ата-ана ма?

Мейрімді харамдыққа  құрбан еткен,

Мақшарға тап таза болып бара ала ма?

 

Осы ма жарық дүние сыйлағаның,

Сәбиді жетім етіп қинағаның.

Қазақтың ата дәстүр- салтын бұзып,

Азғын болып кең дүниеге сыймағаның.

 

Сәбидің көз жасының сұрауы бар,

Әкесі анасымен сүйіскен жар.

Ұрпақтың болашағын ойламаған,

Береді кімге опа осындайлар.

 

Қалай қиды сол үйге берейін деп,

Қояндай қанжығада көрейін деп.

Өзі өсіріп жеткізсе несі кетер,

Аштықтан отырған жоқ өлейін деп.

 

Көкірегін анасының көре алмаған,

Аймалап қос анарын еме алмаған.

Әкенің іңкәрлігін  көрмей өсер,

Соңынан ата-ананың ере алмаған.

 

Жетім сәби әркімге жаутаңдаған,

Мейірім аз тумадан  көңіл сараң.

Наздық пен еркеліктің жайлауы жоқ,

Осылай жараттың –ау  хақ тағалам.

 

Тас бұлақ, өзен, сулар көлге құяр,

Көл көбейіп  дария  болып теңіз құяр.

Теңелген жарлы байға секілді боп,

Жетімдер де азамат  боп елге шығар.

 

Жетімдікте бір кезде ұмыт болар,

Жарлы байып, жас өсіп жігіт болар.

Не нәрсе мәңгі бақыт баянды емес,

Біреуге зауал, біреуге бақыт қонар.

 

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *