Мысал

 

Саусақта жүзік алтындап,

Құлақта сырға жалтылдап.

Сөйлесе күліп қарқылдап,

Кәрілік келіп тұр алқымдап.

 

Жасы жеткен боз інген,

Жемісті бақша көрінген.

Өткен күн кетті келмеске,

Кестесі көрер көңілден.

 

Көңілдің тізіп жайлауын,

Іңкәрлік көңіл сайлауын.

Өткен күн шіркін заман деп,

Әркіммен мәжіліс байлауын.

 

Жасы жеткен боз інген,

Қартаймас жеңіл көңілмен.

Өткен күнін ұмытпас,

Нәпсі қуып семірген.

 

Киімнің киіп қымбатын,

Бұзбайын деп сымбатын.

Біреулер атап сұм қатын,

Атанып жүр тұл қатын.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *