Мысал

 

Дүние деген сары алтын,

Әркімдерді сүйретер.

Соңына түсіп көп қума,

Мүмкін сені күйретер.

 

Ерік берсең нәпсіге,

Бойыңды билеп үйретер.

Асып кетсең нысаптан,

Достарыңа күлкі етер.

 

Қанағат кетсе адамнан,

Жеркембейді харамнан.

Басына қиын іс түссе,

Көреді оны заманнан.

 

Зұлымдық жолды көп қуған,

Құтылмайды зауалдан.

Тосылар жерге келгенде,

Үйірін оның жау алған.

 

Әрбір мысал заманнан,

Әрбір құлық адамнан.

Қанағатсыз жаралған,

Осындай мысал ғаламнан.

 

Тәубә етпеген адамнан,

Дүние жиған харамнан.

Ел алдына шыға алмас,

Опасыз торға қамалған.

 

Дүниедегі жұмағым,

Денсаулық тіле шырағым.

Мал мен басың аман болып,

Отбасыңа шырағың.

 

Адал еңбек маңдай тер,

Оған кінә қойылмас.

Хақ жолымен жүргенге,

Шариғат сөзі жойылмас.    

26.07.1997ж

Шанышқылы Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *