Белгілі күйеуі жоқ кәрі қыздың,
Атына ие болып сәні қыздың.
Бөлектеп ап анадан мекен жайын,
Көңілдес табылып жүр жары қыздың.
Қыз деген жақсы сөздің аты қалып,
Оқымас боз баланың хатын алып.
Өзінше сауық сайран өтіп жатыр,
Кәрі қыз оңаша үйде жатып алып.
Құзғынға кеудесінен тоят бермек,
Түн ұйқысын бұзбайды бала тербеп.
Туған күнін сәбилі боп тойлап жатыр,
Қосылса арақ, шарап көңіл сергек.
Біраз күн нәпсі басып ауысады,
Басқасы кезегімен қауышады.
Нәсіл жоқ қызықтары мәжіліс болып,
Осылай аз өмірін тауысады.
Белгілі шаңырақтан безген қыздар,
Өтуге жалғыздықпен төзген қыздар.
Артында қалатұғын ұрпағы жоқ,
Қаланы қыдырумен кезген қыздар.
Үлгі алып надандары алданады,
Кейбірі арақ ішіп жалданады.
Кейбірі бағы ашылмай маңдайының.
Тәңірге наразы болып шамданады.
Осылай көбеюді өріс алып,
Әуесқой бір-бірінен дәріс алып.
Елу мен алпыс жасқа келгені бар,
Ар жағы жалғасады дүние салып.
Осылай ылайықпа заманаға,
Ғайбат сөз некесізге жамалама.
Сүннәтін Пайғамбардың бұзған адам,
Махшарға тап-таза болып бара ала ма.
Дүние жарық тіршілік көру үшін,
Ер мен әйел туады өну үшін.
Сүннәті Пайғамбардың деген сөз бар,
Үммәтіне айтылған көну үшін.
Қартайып отырған бар дара болып,
Өткен күн бір күнгідей болмайды екен.
Кәрі қыз бикештердің жолын қуып,
Жасыңда ойламадың бала болып.
Бикештер оңаша отау жолын қуып.
Өркенсіз сауық сайран өте шығар,
Кәрілік келіп қалар торын құрып.
Секен шешен