Келіндерге /екінші түрі/

 

Жақсы үй деп келін айтар қаладағы,

Кемпір шал мал бағады даладағы.

Әкетіп айран сүтпен қаймақ майды,

Келіп-кетіп жүреді баладағы.

 

Айтады–ау күту қиын бала десіп,

Отырып қалады–ау ана десіп.

Құлақ пен саусақтарын алтындатып,

Алтын тіс күлгенде оңды қала кезіп.

 

Қор мол болып ата менен анадағы,

Ыстықтау іштен шыққан баладағы.

Келіннің алары бар, берері жоқ,

Айтуға келмей тұр-ау шамадағы.

 

Немерең жас өспірім қаладағы,

Сөйлейді қазақшаны шаладағы.

Тәрбие орыс ғұрпы болғаннан соң,

Әуес қой сол модаға баладағы.

 

Кәрінің өзі жаман, ақшасы оңды,

Өсірген мал жемісті бақшасы оңды.

Жаз ағын, қыс қызылын бөліп беріп,

Бейнетпен өтіп жатыр мұның соры.

 

Бәсеке байқап тұрсаң арадағы,

Қаладан үй әперу шамадағы.

Менің балам кем бе деп басқалардан,

Бақастық туындайды арадағы.

 

Кейбірі басқа ұлтпенен құдандасқан,

Кейбірі шала сөйлеп шұбарласқан.

Түбінде біз көрмеспіз басқа көрер,

Ұрпағың осылайша будандасқан.

 

Ошағы мәдениет қаладағы,

Баға бер телевизор қарадағы.

Үлгісіз бұзықтарды көрсетеді,

Бұзылар жас өспірім баладағы.

 

Көп халық дүниенің араласқан,

Үлгісізін үлгі етіп қара басқан.

Жақсысын әке десең үйренбейді,

Жамандық пен харамды ұғар қарамастан.

 

Қаласың осындайға қайран болып,

Көңілден сөз қозғалар майдан болып.

Мирасы ата дәстүр құнын жойып,

Жаңаша торын құрар жайған болып.

Секен шешен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *