Заман ағымы

 

Көп жігіт арақ қуып жәйсіз кетті,

Көп қыздар тұрмыс құрмай байсыз кетті.

Артында қалатығын ұрпағы жоқ,

Дақ салып кір келтірді ата текті.

 

Келіндер байын билеп жарқын болды,

Тіс пен құлақ, саусақтар алтын болды.

Бала тапса өлшеулі біреу-екеу,

Көңілі кәрілерге салқын болды.

 

Бір халықтан бір халық үлгі алып тұр,

Бұзықтықтан біздің қазақ жүлде алып тұр.

Қолыңнан келетұғын дәрменің жоқ,

Қайран көңіл осыны сынға алып тұр.

 

Кемпір шал мал бағып далада отыр,

Тағдырды бір Алладан күтіп отыр.

Кештік өмірге түстік мал жинап,

Шал шөп үйіп, кемпір жүнін түтіп отыр.

 

Кетіп тұр ұл жайына, қыз байына,

Кәрінің бірі көнбей ыңғайына.

Заманның ағымына сенде бағын,

Тапсыр да отыра бер құдайыңа.

 

Секен шешен

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *