Заманаға

 

Өтейік кінә қоймай заманаға,

Ғайбат сөз адал болсақ жамала ма.

Кейбіреу тілі таза ісі харам,

Махшарға тап–таза болып бара ала ма.

 

Жұмбақты айтқан сөзбен ала ала ма,

Қулық сұмдық бойға бітсе қала ала ма.

Жалғанды жалпағымен басып өтсе,

Екі дүние пайдасы бола ала ма.

 

Нәпсіге ерген өзін тия ала ма,

Сауап деген асылды жия ала ма.

Ажал келсе қорған жоқ жиғанына,

Бәрі де пайдасыз болып суала ма.

 

Қарамдықпен дүниені былғалама,

Олай етсең жұмақ жоқ сығалама.

Сабындап қанша жусаң қара ағармас,

Пара беріп басыңды дуалама.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *